Камиль Куруглиев әлем чемпионатында екінші орын алды

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Самоков қаласында (Болгария) күрестен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Өзбекстан өкілі Шерзод Поёновпен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алған болатын: Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Құлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі).

Команданың басты жетістігі ауыр салмақтағы жеңіс болды: 18 жастағы Едіге Қасымбек 125 келі салмақта 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Ол финалда ирандық Аболфазл Мохаммад Мохаммаднежадты 4:1 есебімен сенімді жеңді.


Қазақ пен қырғыз балуаны әлем чемпионатында «қола» үшін белдесті

Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионында топ жарды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или