Анна Стратан әлем чемпионатының 1/2 финалында норвегиялық балуаннан ұтылды

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қыздар арасында 57 келі салмақта қазақстандық Анна Стратан 1/8 финалда қытайлық Жисиванмуды жеңді.
Ширек финалда Анна АҚШ өкілі Кларисса Курешимен кездесіп, қарсыластан 9:2 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Стратан Еуропаның қазіргі чемпионы - норвегиялық Фелиситас Домажевамен белдесті.
Қазақстандық норвегиялықтан 2:12 есебімен жеңіліп қалды.
Еске салайық, Анна Стратан 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қазіргі қола жүлдегері.
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды