Қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырту алған Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырту алған Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге Қазақстан және өзге елдердің чемпионаттарынан 37 ойыншы енген:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»).

Нақты тізім бірнеше күннен кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиыны 30 тамызда Астанада басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Симуляция жасады ма? ҚПЛ-дің 21-турындағы даулы сәттерге талдау жасалды

Жақында ғана жөндеуден өткен Петропавлдағы стадион су астында қалды

Түркістан облысында халықтың қаржысына салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или