Қазақстандық теннисшілердің жаңарған рейтингтегі орындары белгілі болды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 24-ке, Александр Шевченко 102-ден 89-орынға көтерілді.
Бұл жолы ерекше серпіліс жасаған Тимофей Скатов болды. Өткен аптада Тоди (Италия) челленджер турнирінде үздік шыққан қазақстандық теннисші бірден 115 сатыға жоғарылап, 308-ден 193-ке жайғасты.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев 206-дан 192-ге жайғасып, Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.
Михаил Кукушкин 223-тен 236-ға, Дмитрий Попко 217-ден 239-ға сырғыса, Денис Евсеев 322-ден 318-ге шықты.
Әйелдер арасында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Елена Рыбакина жаңартылған рейтингіде 10-орында қалды. Осы додада чемпион атанған Польша өкілі Ига Швентек 3-тен 2-ге ауысты.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 46-дан 54-ке, Жібек Құламбаева 300-ден 318-ге төмендесе, Зарина Дияс 252-ден 246-ға шықты.
Ига Швёнтек Цинциннати турнирінде жеңіске жетті
Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды
US Open: Іріктеу кезеңіндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды