Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық гимнастар белгілі болды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық гимнастар белгілі болды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан маусымның басты додасы саналатын әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 тамызда басталатын әлемдік дода 24 тамызға дейін жалғасады. Бұл халықаралық сайысқа әлемнің көптеген үздік гимнастары бас қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. 

Қазақстан намысын жекелей сайыста Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды. Айбота Азия чемпионатында қола, командалық сында күміс, ал Мейіржанова қола медаль алған.

Басты фавориттердің қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы, неміс қызы Дарья Варфоломеева, бес дүркін әлем чемпионы италиялық София Раффаэли, украиналық жас дарын Таисия Онофрийчук, болгариялық Стилиана Николова және өзбекстандық Тахмина Икромова бар. Сондай-ақ Кипр, Германия, Израиль, Польша және АҚШ өкілдері де жүлде үшін таласпақ. Жекелей жарыста бұл додаға 100-ден аса спортшы қатысады.

Топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова бастаған құрама өнер көрсетеді. Халықаралық федерация Қазақстан командасын медальға үміткерлер қатарына қосып отыр. Топтық жаттығуларда өнер көрсететін спортшылар: Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай.

Фавориттер арасында Қытай, Жапония және Польша бар. Сондай-ақ жарыс қожайындары Бразилия да өз әлеуетін дәлелдеп қойған. Турнир 24 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстандық спортшы бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді

Ольга Рыпакова Сауд Арабиясының жасөспірімдер құрамасымен кездесті

Дмитрий Панарин бадминтоннан бірқатар турнирге қатысады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или