US Open: Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

US Open:  Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 239-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының ширек финалында әлемнің 140-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Уайлдпен шеберлік байқасты.

Попко бірінші партияда тай-брейкте таразы басын өзіне аударды — 7:6 (7:4).

Екінші сет 6:3 есебімен аяқталды.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде Попко 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Уайлд 6 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Дмитрий Попко іріктеу сайысының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 184-орында тұрған франциялық Юго Бланшемен ойнайды. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 192-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бүгін кешке рейтингіде 197-орындағы америкалық Джек Пиннингтон-Джонспен кортқа шығады.

Ига Швёнтек Цинциннати турнирінде жеңіске жетті 

Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды

US Open: Іріктеу кезеңіндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или