Дензел Бентли Әлімханұлына әлеуметтік желіде үн қатты

Дензел Бентли Әлімханұлына әлеуметтік желіде үн қатты

Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 2022 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Әлімханұлынан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жеңілген болатын. Сол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Жеңілістен кейін Бентли бірнеше рет Qazaq style-ға қайта күш сынасуды ұсынды. Бұл жолы ол Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбасына жауап қайтарды. Әлімханұлы Карлос Адамеске үн қатқан кезде, британдық: «Бәрін ұмыта берейік. Сен қайдасың?» – деп реваншқа шақырды.

Айта кетейік, қазір Дензел Бентли орта салмақта Ұлыбритания чемпионы атағына, сондай-ақ WBO International және Еуропалық бокс кеңесінің белбеулеріне ие.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас құрметке бөленді

Куба құрамасы Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Карлос Адамес шаршы алаңға оралатын күн белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или