«Қайрат» Глазгодағы алғашқы матчқа дайындықты бастап кетті

«Қайрат» Глазгодағы алғашқы матчқа дайындықты бастап кетті

Алматылық «Қайрат» Шотландияға жетіп, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундына дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда Глазгода жергілікті «Селтикке» қарсы алғашқы матчын өткізеді. Кездесу 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де «Селтик Парк» аренасында өтеді.

Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда ұйымдастырылады. Қос кездесудің қорытындысы бойынша жеңімпаз Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Еуропа лигасында бақ сынайды.

«Қайраттың» құрамында бірқатар ойыншылар алаңға шыға алмайды. Сары қағаздардың артығынан дисквалификация алған Валерий Громыко мен жарақатынан айыға алмаған Георгий Зария саптан тыс қалды. Сондай-ақ, соңғы ойында жарақат алған қорғаушы Луиш Мата да алаңға шыға алмауы мүмкін.

Симуляция жасады ма? ҚПЛ-дің 21-турындағы даулы сәттерге талдау жасалды

Жақында ғана жөндеуден өткен Петропавлдағы стадион су астында қалды

Түркістан облысында халықтың қаржысына салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или