Кубаның Олимпиада жеңімпаздары тарихи әлем чемпионатына қатысады

4 қыркүйекте Ливерпуль қаласында алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өтетін тарихи әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналатын Куба құрамасы жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін ұсынды.
50 келіге дейін – Алехандро Кларо, 55 келіге дейін – Роландо Мартинес, 60 келіге дейін – Луис Винент, 65 келіге дейін – Эрисланди Альварес, 70 келіге дейін – Хорхе Куэльяр, 80 келіге дейін – Хорхе Сото, 90 келіге дейін – Нельсон Уильямс, 90 келіден жоғары – Хулио Сезар Ла Крус.
Айта кетерлігі, Хулио Сезар Ла Крус Ливерпульде алғаш рет аса ауыр салмақта бақ сынайды. Ол бұған дейін 2016 және 2021 жылдары Олимпиада чемпионы атанып, 81 келі және 91 келі салмақ дәрежелерінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, құрамда Париж Олимпиадасының чемпионы Эрисланди Альварес те бар.