Модрич «Милан» сапындағы алғашқы ойынында рекорд орнатты

Модрич «Милан» сапындағы алғашқы ойынында рекорд орнатты

Хорватия құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Милан» жейдесіндегі алғашқы матчын Италия кубогында «Бариға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «россонеридің» 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Бұл ойын Модрич үшін тек дебют қана емес, сонымен бірге жас көрсеткіші бойынша тарихи рекорд болды. Футболшы алаңға шыққан сәтте оның жасы 39 жас 342 күнді құрады. Осылайша ол «Милан» тарихындағы ең жасы үлкен дебютант атанды.

Бұған дейін бұл көрсеткіш клуб аңызы Филиппо Индзагиге тиесілі еді. Итальяндық шабуылшы 2012 жылы «Новараға» қарсы соңғы ойынын 38 жас 278 күнінде өткізген болатын.

Бельгия ұлттық құрамасының шабуылшысы жарақат алды

«Бавария» франциялық шабуылшыны қатарына қосқысы келеді

«Селтик» құрамын күшейтпек. Тізімде 7 млн еуро тұратын ойыншылар бар


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или