Уэйн Руни Исактың «Ньюкаслдағы» әрекетін сынға алды

Уэйн Руни Исактың «Ньюкаслдағы» әрекетін сынға алды

Ағылшын футболының танымал тұлғасы, бұрынғы «Плимут Аргайл» бас бапкері Уэйн Руни «Ньюкасл Юнайтед» шабуылшысы Александр Исактың клубтағы жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда швед ойыншысы командаға көмектесуден бас тартып, өз трансферін талап етіп отыр.

Рунидің айтуынша, Исактың мұндай қадамы оның беделі мен алаңға қайта оралуына кедергі келтіруі мүмкін. «Жаттығудан бас тарту – қате шешім. Бұл сенім мәселесіне әсер етеді. Менің ойымша, ол дұрыс бағытта емес. Мүмкін, оған дұрыс емес кеңестер беріліп жатқан шығар. Ал оны алғысы келіп отырған «Ливерпуль» мұны ескеріп, ойлануы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар Руни өзінің мансабын мысалға келтірді. «Мен де бір кездері кеткім келген, бірақ ешқашан жаттығуды немесе ойынды қалдырған емеспін. Бүгінде футболшылар клуб үшін барын салады. Ал Исактың әрекеті, келісімшартына және аптасына 100 мың фунттан астам жалақы алатынына қарамастан, жанкүйерлерге де, командаға да дұрыс емес қадам болып тұр», – деп қосты ағылшын маманы.

«Селтик» құрамын күшейтпек. Тізімде 7 млн еуро тұратын ойыншылар бар

«Бавария» франциялық шабуылшыны қатарына қосқысы келеді

Бельгия ұлттық құрамасының шабуылшысы жарақат алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или