Ига Швёнтек мансабындағы 24-ші титулына қол жеткізді

Ига Швёнтек мансабындағы 24-ші титулына қол жеткізді

Польшалық теннисші Ига Швёнтек WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл Швёнтек үшін Цинциннатидегі алғашқы жеңіс және WTA турнирлеріндегі 24-ші атағы. Сонымен қатар ол өзінің 11-ші WTA 1000 деңгейіндегі трофейін иеленді. Турнир барысында поляк спортшысы қарсыластарына бірде-бір сет бермей, шешуші ойында барлық брейк-пойнтты сәтті жүзеге асырды.

Осы жеңістің арқасында Швёнтек әлемдік рейтингте екінші орынға қайта оралады және алдағы АҚШ ашық чемпионатында екінші нөмірлі спортшы ретінде қатысады.

Айта кетейік, Ига жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген еді.

Рыбакина Цинциннати турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или