«Галатасарай» ойыншысы Куэста «Спартакқа» ауысуы мүмкін

«Галатасарай» ойыншысы Куэста «Спартакқа» ауысуы мүмкін

Мәскеудің «Спартак» клубы түріктің «Галатасарайымен» орталық қорғаушы Карлос Куэстаның трансферіне қатысты соңғы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

БАҚ дерегінше, тараптар келісім шарттарын талқылап, жақын күндері мәміле жасалуы мүмкін.

Бұған дейін «Спартак» футболшыны 5 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алуды ұсынған, алайда түрік клубы міндетті түрде толық сатып алуды талап етуде. «Галатасарай» колумбиялық қорғаушыны шамамен 8 миллион еуроға бағалап отыр.

Дереккөздерге сенсек, Куэстаға Бразилияның «Васко да Гама» клубы да қызығушылық танытқанымен, ол «Спартакқа» ауысуға бейім. Сондай-ақ футболшының Мәскеу клубымен алдын ала келісімге келгені хабарланды.

26 жастағы қорғаушы 2025 жылдың ақпанында «Галатасарайға» қосылған, оған дейін Бельгияның «Генк» клубында ойнаған. Стамбұл командасының сапында тоғыз матчқа қатысқан. Қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды, ал нарықтық құны 7 миллион еуро деп бағалануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или