ҚХЛ-дағы ең жас командалар рейтингі: «Барыс» топ-5 қатарына енді

Астаналық «Барыс» КХЛ-дегі ең жас командалардың рейтингінде төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Proports.kz.
«Штаб Хоккеиста» телеграм-арнасының есептеуіне сәйкес, астаналық команданың ойыншыларының орташа жасы — 24,7 жас. Ал ҚХЛ-дегі ең жас ұжым болып «Сочи» танылды, мұнда хоккейшілердің орташа жасы — 24,4 жас.
Толық тізім төмендегідей:
1. «Сочи» — 24,4 жас
2. «Спартак» (Мәскеу) — 24,6 жас
3. ЦСКА (Мәскеу) — 24,7 жас
4. «Барыс» (Астана) — 24,7 жас
5. «Амур» (Хабаровск) — 24,8 жас
6. «Торпедо» (Нижний Новгород) — 25,1 жас
7. «Динамо» (Минск) — 25,6 жас
8. «Автомобилист» (Екатеринбург) — 25,7 жас
9. «Северсталь» (Череповец) — 26,0 жас.
Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды
«Барыстың» қатарына америкалық хоккейші қашан қосылады?
Қазақстандық хоккейші ҚХЛ клубына трофей еншілеуге көмектесті