US Open-2025. Кукушкин турнирді жеңіспен бастады

US Open-2025. Кукушкин турнирді жеңіспен бастады

18 тамыз күні Нью-Йорктегі Flushing Meadow корттарында US Open-2025 турнирінің іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннистің ардагері, 37 жастағы Михаил Кукушкин (әлемдік рейтингте №236) 28 жастағы италиялық Андреа Пеллегриномен (ATP рейтингінде №142) кездесті.

Жасына қарамастан, Михаил жеңіске деген жігерін көрсетіп, АҚШ ашық чемпионатының іріктеуінде 28-нші болып тіркелген қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Кукушкин үшін биылғы маусым кәсіби мансабындағы 21-жыл болып саналады.

US Open: Іріктеу кезеңіндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисші Болгариядағы «челленджерден» бас тартты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста қанша табыс тапты?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или