Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионында топ жарды

Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (20 жасқа дейінгі) әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездесіп, сенсациялық түрде 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық балуан алтын медаль иегері атанса, оның қарсыласы әлем біріншілігін күміс жүлдегер ретінде аяқтады.
Айта кетейік, турнир барысында Едіге Қасымбек моңғолиялық спортшы Нарантулгу Дармаабазарды 15:12, Оңтүстік Корея балуаны Ба Джун Жанды 6:0 және америкалық Коул Санто Мирасолоны 11:0 есебімен ұтқан еді.
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орын алды