Денис Евсеев Болгариядағы «челленджерге» қатыспайтын болды

Денис Евсеев Болгариядағы «челленджерге» қатыспайтын болды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 322-орын) Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «челленджерге» қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Proports.kz.

Бірінші айналымда Евсеев ресейлік Марат Шариповпен (276-орын) кездесуі керек болған, алайда жарыс жолынан шығып қалуды жөн көрді. Нәтижесінде Шарипов үндістандық Арьян Шахпен (392-орын) ойнап, екі сетте жеңіске жетті — 7:5, 6:2.

Айта кетейік, өткен аптада Денис Евсеев дәл осы Софиядағы «челленджерге» қатысып, тек бір матчта жеңіске жете алды: бірінші айналымда испаниялық Бернабе Сапата Миральеске (399-орын) қарсы 6:2, 6:0 есебімен басым түскен. Бірақ 1/8 финалда қазақстандық спортшы боливиялық Муркель Деллиенге (287-орын) екі сетте есе жіберді — 4:6, 3:6.

Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыласы белгілі болды

US Open: Іріктеу кезеңіндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста қанша табыс тапты?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или