Қазақстандық балуан Досжан Құл-Ғайып әлем чемпионатында жүлде иеленді

Қазақстандық балуан Досжан Құл-Ғайып әлем чемпионатында жүлде иеленді

Қазақстандық еркін күрес шебері Досжан Құл-Ғайып Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан жастар (20 жасқа дейінгі) арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Proports.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «қола» үшін өткен белдесуде Құл-Ғайып италиялық балуан Рауль Казомен кездесіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы қола медальға ие болса, оның қарсыласы әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, турнир барысында Досжан Құл-Ғайып эстониялық Николай Тарасовты және грузин Сабу Кобахидзені жеңген еді, алайда ширек финалда қырғызстандық Әділет Ақылбековке есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде Құл-Ғайып канадалық балуан Николас Лиам Хуперден басым түсті.

Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или