Бокстан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Бокстан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен бокстан алғашқы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы орайда бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады

Әлем чемпионатына қатысатын Отандық боксшылар толық анықталды. 

Елдос Сайдалин бастаған әйелдер құрамасы:

  • 48 келі. Назым Қызайбай
  • 51 келі. Алуа Балқыбекова
  • 54 келі. Элина Базарова
  • 57 келі. Карина Ибрагимова
  • 60 келі. Виктория Графеева
  • 65 келі. Аида Әбікеева
  • 70 келі. Наталья Богданова
  • 75 келі. Надежда Рябец
  • 80 келі. Гүлсая Ержан
  • 80+ келі. Елдана Талипова

Қайрат Сәтжанов жетекшілігіндегі ерлер командасы:

  • 50 келі. Санжар Тәшкенбай
  • 55 келі. Махмұд Сабырхан
  • 60 келі. Бейбарыс Жексен
  • 65 келі. Ертуған Зейнулинов
  • 70 келі. Төрехан Сабырхан
  • 75 келі. Сабыржан Аққалықов
  • 80 келі. Нұрбек Оралбай
  • 85 келі. Бекзат Нұрдәулетов
  • 90 келі. Сағындық Тоғамбай
  • 90+ келі. Айбек Оралбай

Қазіргі уақытта қос команда да Алматы облысында жаттығу жиынында. Осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсеткен жиынға қосылады.

Азия чемпионаты: Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или