Жәнібек Әлімханұлынан қашқан Карлос Адамес шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді

Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес осы күзде рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Sports.kz порталы жазды.
Соңғы кездері қазақстандық WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске іздеу салып жүргені белгілі. Дегенмен, Адамес келесі жекпе-жегінде орыс боксшысымен жұдырықтасатынын мәлімдеді.
— Келесі жекпе-жегің қашан өтеді?— Менің келесі айқасым қарашада. 23 қараша күні өтеді.
— Қарсылас кім?— Орыс боксшысы. Екі дүркін әлем чемпионы, — деп жауап берді Адамес.
Айта кетейік, бұған дейін бокстың саудиялық ірі инвесторы Турки әл-Шейх Карлос Адамеске қараша айында «Қазақ стилімен» біріктіру жекпе-жегін өткізуді ұсынған еді. Алайда Адамес келіссөздерді ұзаққа созғандықтан, бұл ұсыныс кейін қайтарылып алынды.
Геннадий Головкинді Олимпиада чемпионы қонаққа шақырды
Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды