Түркістанда халықтың қаржысына салынған футбол алаңы заңсыз салынған болып шықты

Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Арыс ауылдық округіне қарасты Керейт ауылында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның басты себебі спорт кешені Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында орналасқан көрінеді. Ұлттық парк қызметкерлері стадионды бұздыруға ниет танытып отыр екен. Оған қоса оны салған азаматтарға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салуға ойластырылған.
Тұрғындардың айтуынша, стадион ұлттық паркке зиян келтіре қоймаған. Ол бар-жоғы шағын бөлігінде орналасқан.
Ендігі кезекте бұл мәселе даусыз шешілсе деген ойдамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демеушілер мен кәсіпкерлерге спортты қолдауға көмек көрсету қажеттігін атап өткен еді.
Конференция лигасы: «Астана» – «Лозанна» кездесуіне төрешілер тағайындалды