Петропавлдағы «Қарасай» стадионы су астында қалды

Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионы нөсер жаңбырдан кейін суға толып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жақында ғана жөндеуден өткен стадион табиғи құбылысқа төтеп бере алған жоқ. Нөсір жаңбырдан кейін стадион мен алаң суға толып қалды.
21-турдағы «Қызылжар» мен «Жеңіс» кездесуі сенбі күні өткізілді. Ол уақытта ауа райында ешқандай төтеннен келген табиғи құбылыс болға қойған жоқ.
Айта кетсек, стадион 2025 жылдың мамыр айында жөндеуден өтті. Оған 2,5 млрд теңге жұмсалды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов «Қарасай» стадионы УЕФА-ның барлық талабына сай келетінін мәлімдеді.
«Елімайдың» капитаны «Қайратқа» қарсы матчты қорытындылады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или