Қазақстандық теннисшілердің US Open турнирінің іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін АҚШ ашық біріншілігінің жекелей сында іріктеу сайыстары басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш додаға ерлер арасында Қазақстаннан Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко сынды спортшылар қатысады.
Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының ширек финалында америкалық Джек Пиннингтон-Джонстан өтуге тырысады.
Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы Италия өкілі Андреа Пеллегрино болмақ.
Ал Дмитрий Попко бразилиялық Тьяго Уайлдпен күш сынасатын болады.
Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Цинциннати WTA-1000 турнирінің жартылай финалистері анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или