Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Europe Smash – Sweden турнирінде өнер көрсетті

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Europe Smash – Sweden турнирінде өнер көрсетті

Мальмёде (Швеция) үстел теннисінен Europe Smash – Sweden беделді турнирінің негізгі торындағы матчтар басталды.

Жарысқа әлемдік үстел теннисінің көптеген көшбасшысы ойыншылары қатысуда. Атап айтқанда, Швецияда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Қытай спортшысы Линь Шидун, үшінші орында тұрған бразилиялық Уго Кальдерано, төртінші орында тұрған жапониялық Томокази Харимото, бесінші орында тұрған қытайлық Лян Цзинкунь, алтыншы орында тұрған швед Трулс Морегард, сегізінші орында тұрған словениялық Дарко Йоргич, тоғызыншы орында тұрған қытайлық Сян Пэн, оныншы орында тұрған германиялық Бенедикт Дуда, сондай-ақ Қытай Тайбэйінен он бірінші орында тұрған Лин Юн-Джун және басқа да спортшылар бақ сынайды.

Қазақстан атынан Кирилл Герасименко (әлемдік рейтингте 80-орын) өнер көрсетті. Отандасымыз алғашқы матчта Люксембург өкілі Лука Младеновичпен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или