Іс-шара Будапешттегі Батырлар алаңында өтті

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Мажарстан бокс федерациясының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шараның құрметті қонағы болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, іс-шара Будапешттегі Батырлар алаңында өтті.
Геннадий Головкин Будапештке Мажарстан бокс федерациясының президенті, Олимпиада чемпионы Иштван Ковачтың арнайы шақыртуымен барды.
Мерейтойлық шараға түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Мерекеге Халықаралық Олимпиадалық комитетінің бокс ісі жөніндегі бөлімінің жетекшісі Брено Прантес, Еуропалық бокс федерациясының президенті Ларс Бровил, Панамерикалық бокс конфедерациясының президенті Элиз Сеньоль, Еуропалық бокс федерациясының вице-президенті Альмар Огмундсон, Еуропалық бокс федерациясы Атқарушы кеңесінің мүшесі Кирси Корпаэус, World Boxing президенті Борис ван дер Ворст және басқа да тұлғалар қатысты.
Мерекелік бағдарламада жас ерекшеліктеріне қарай жасөспірімдерден бастап, ардагерлерге дейін көрсетілімдік жекпе-жектер ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұрынғы чемпиондар мен танымал тұлғалар қатысты.
Айта кетейік, сапар барысында Геннадий Головкин World Boxing саммитіне қатысып, Будапешттің спорт нысандарын аралады.
Азия чемпионаты: Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды
Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды