Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыста қанша табыс тапты?

Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыста қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирдегі өнерін жартылай финалдық кезеңде аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Рыбакина поляк Ига Швентектен жеңіліп қалды – 5:7, 3:6. Турнирдің осы кезеңіне қатысқаны үшін Елена 206 100 доллар табыс тапты. Сондай-ақ ол 390 рейтингтік ұпайға ие болады. 

Еске салайық, биыл Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар жинап, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста жеңімпаз атанды

Цинциннати WTA-1000 турнирінің жартылай финалистері анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или