Карпин үзіліс кезінде Зайнутдиновты неге алмастырғанын айтты

Мәскеудің «Динамосының» бас бапкері Валерий Карпин ЦСКА-мен (1:3) матчтағы үзілісте қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновты неліктен ауыстырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Ойын алдында шабуылдан гөрі қорғанысқа қатысты сұрақтар аз дедіңіз. Бірдеңе өзгерді ме?
- Ол өзгерген жоқ. Үш гол жіберіп алу қорғаныстың нашар екенін немесе қорғаныста қиындықтар бар дегенді білдірмейді. Шабуылда дпоп иеленіп жүрген кезде гол өткізіп алсақ, бұл қорғаныстың кінәсі емес. Алғашқы он бес минут жақы ойнадық, дегенмен бірінші гол өткізгеннен кейін сасып қалғанымыз рас.
— Зайнутдинов үзілісте алаңнан кетті. Сізді не қанағаттандырмады?
— Өзі өтініш жасады. Өзің жайсыз сезінді ме, әлде, жарақат алды ма... Анығын әлі білмеймін.
Бактиер Зайнутдинов: «Карпин – менің мансабымдағы ең маңызды тұлғалардың бірі»