«Интер Майами» жұлдызы Лионель Месси рекорд жаңартты

«Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси жаңа рекорд орнатып, карьерасында 875 гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рекордтық голын аргентиналық жұлдыз MLS чемпионатының тұрақты маусымындағы «Лос-Анджелес Гэлакси» клубына қарсы ойында соқты. Месси бұл нәтижеге тарихта ең жылдам – 1116 матчта қол жеткізді. Сондай-ақ ол мұндай межеге жеткен ең жас ойыншы болды.
«Барселона» сапында Месси он мәрте Испания чемпионы атанып, жеті рет ел Кубогын және төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол каталондық клуб құрамында барлық жарыстарда 778 матч өткізіп, 672 гол соқты. Бұдан бөлек, Месси сегіз мәрте «Алтын доп» иегері атанған.
«Бавария» шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы басты үміткерлерді атап өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или