Цинциннати: Рыбакина жартылай финалда Швентекке қарсы ойында жеңіліп қалды

Цинциннати: Рыбакина жартылай финалда Швентекке қарсы ойында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Цинциннати (АҚШ) қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Рыбакина польшалық Ига Швентекке (3-орын) екі сетте — 5:7, 3:6 есебімен жол берді. Кездесу тартысты өткеніне қарамастан, әлемнің үшінші ракеткасы шешуші сәттерді тиімді пайдаланып, финалға жолдама алды.

Бұған дейін Рыбакина турнирде мексикалық Рената Сарасуаға (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенске (22-орын), америкалық Мэдисон Кизге (6-орын) және әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойында жеңіске жеткен еді.

Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста жеңімпаз атанды

Цинциннати WTA-1000 турнирінің жартылай финалистері анықталды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или