18 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

18 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

125 келіге дейінгі салмақта белдескен 18 жастағы Қасымбек турнирді 1/8 финалда моңғолиялық Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңді. Ширек финалда ол оңтүстік кореялық Байджун Джангты 6:0 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда америкалық Коул Мирасоланы айқын басымдықпен ұтып, белдесу мерзімінен бұрын 11:0 есебімен аяқталды.

Алтын медаль үшін шешуші белдесуде қазақстандық балуан әзірбайжандық Юсиф Дурсунов пен ирандық Мохаммад Нежад арасындағы кездесудің жеңімпазымен күреседі.

Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық еркін күрес шеберлері анықталды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или