«Тобыл» Шымкентте «Ордабасыны» жеңді

«Тобыл» Шымкентте «Ордабасыны» жеңді

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында Шымкентте өткен ойында «Тобыл» «Ордабасыдан» 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Костанайлықтар кездесуді сенімді бастады және 40-шы минутқа дейін 3:0 есебімен алға шықты. Екі голды Ахмед Эль-Мессауди (14 және 32-минуттарда) соқса, тағы бір допты Асхат Тағыберген (40) енгізді.

Екінші таймда алаң иелері есепті қысқартты. 55-минутта Эвертон гол соқты, ал 82-минутта Эльхан Астанов пенальтиден дәл көздеді. Алайда «Ордабасы» таразы басын теңестіре алмады.

Бұл жеңістен кейін «Тобылдың» қоржынына 41 ұпай жазылды. Команда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Қайрат» пен «Астанаға» жақындай түсті.

«Динамоның» жаңа ойыншысы Зайнутдинов сүйікті позициясын атады

«Тұран» өз алаңында «Қайсарды» тізе бүктірді

«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін таныстырды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или