«Құттықтаймын, Борз»: Джон Джонс Чимаевқа үн қатты
38 жастағы ауыр және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінің бұрынғы екі дүркін чемпионы Джон Джонс UFC 319 турнирінен кейін Хамзат Чимаевқа жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осыған дейін жеңіліп көрмеген шешен спортшысы орта салмақтағы (84 кг дейін) чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте оңтүстік африкалық Дрикус дю Плессиді жеңді.
Кездесу төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Чимаевтың пайдасына аяқталды. Жекпе-жектен кейін Джонс әлеуметтік желі Х парақшасында қысқа жазба қалдырды: «Құттықтаймын, Борз».
Бұл Чимаевтың кәсіби мансабындағы қатарынан 15-ші жеңісі болды. Сонымен қатар, ол тарихқа UFC орта салмағындағы 15-ші чемпион атанды.
Чимаев чемпион атанған соң Ибрагимовичпен сөйлесті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или