«Ноттингем Форест» АПЛ-ды жеңіспен бастады

«Ноттингем Форест» АПЛ-ды жеңіспен бастады

«Ноттингем Форест» футбол клубы Англия Премьер лигасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нуну Эшпириту Сантудың командасы 1-турда лондондық «Брентфордқа» қарсы ойнады. Сити Граунд стадионында Ноттингем ойыншылары мәселені алғашқы таймда-ақ шешіп тастады. Крис Вуд матчтың 5-минутында алаң иелерінің бұл маусымдағы алғашқы голын соқты. 42-минутта Дан Ндойе «Ноттингем Форест» сапындағы ресми дебюттық ойынында алғашқы голын салды. Бірінші кезең аяқталар тұста Вуд дубль авторы атанды.

«Брентфорд» бұл ойында тек бір гол соқты. 78-минутта Игор Тиаго пенальтиден қақпаны дәл көздеді. Қорытынды есеп 3:1, «Ноттингем Форест» алғашқы турда жеңіске жетті.

Италиялық «Рома» Джейдон Санчо қатарына қосатынына сенімді

«Реал» қатарына 18 жасар футболшыны қосты

«Челси» Англия чемпионатының алғашқы турында жеңіске жете алмады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или