«Челси» Лондон дербиінде тең түсті

Англия Премьер лигасының 1-турында лондондық «Челси» футбол клубы «Кристал Пэлас» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтық әлем чемпиондары ағылшын чемпионатының алғашқы турында Стэмфорд Бридж стадионында жеңіске жете алмады. Энцо Мареска шәкірттері лондондық дербиде гол соға алмады. Кристал Пэлас 13-минутта Эберечи Эзенің арқасында стандартты соққыдан есеп ашқан еді. Алайда бас төреші Даррен Ингланд VAR жүйесінен қайта қарап, бұл голды есепке алмады.
Осылайша «Челси» - «Кристал Пэлас» арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Месси жарақатынан айығып алаңға оралуға дайын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или