Хамзат Чимаев UFC белбеуін алғаннан кейін Златанға қоңырау шалды

Ресейлік UFC жауынгері Хамзат Чимаев чемпиондық белбеуді иеленген соң, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичпен видеоқоңырау арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 тамыз күні өткен жекпе-жекте Чимаев Оңтүстік Африка спортшысы Дрикус Дю Плессиді қазылар шешімімен жеңіп, орта салмақта UFC чемпионы атанды.
Айта кетейік, Чимаев бірнеше жыл Златанның отанында — Швецияда тұрған. Бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісі болып тіркелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или