Бақтыер Зайнутдинов: «Маған ең бастысы – алаңда ойнау»

Мәскеулік «Динамоның» жаңа ойыншысы, қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтыер Зайнутдинов өз әмбебаптығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— «Динамо» сапындағы дебюттік ойында сол қапталда шабуылшы болып шықтыңыз, ал екінші матчта қорғаныстың ортасында ойнадыңыз. Осындай ауысуларға қалай бейімделесіз?
— Ең бастысы — алаңға шығып, ойнау. Әрине, кейде оңай емес: шабуылдан қорғауға ауысу жеңілірек, ал қорғаудан шабуылға бейімделу қиындау. Бірақ уақыт өте келе үйреніп жатырмын. Тағы да қайталаймын, бастысы — командаға пайда әкелу, — деді Зайнутдинов.
— Дегенмен, өзіңізге ең қолайлы позиция қайсысы?
— Шынымды айтсам, соңғы жылдары көп жағдайда сол қапталдағы қорғаушы ретінде ойнап жүрмін. «Бешикташта» да, ЦСКА-да да осы орында шықтым. Қазір өзімді сол позицияда сенімді сезінемін, — деп атап өтті ол.
Бүгін, 17 тамыз күні «Динамо» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-мен кездеседі.
Бахтиёр Зайнутдинов: «Карпин – менің мансабымдағы ең маңызды тұлғалардың бірі»
АПЛ: Федерико Кьеза мен Мохамед Салах «Ливерпульге» жеңіс сыйлады
«Ренн» «Марсельді» соңғы минутта жеңіп, 1 Лига маусымын бастады