Максим Коваль тарихи камбэк пен «Қайратқа» қолдау білдірді

Максим Коваль тарихи камбэк пен «Қайратқа» қолдау білдірді

32 жастағы қақпашы әрі капитан «Елімай» клубының Максим Коваль «Қайратқа» қарсы сырттағы жеңіске қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, бұл жеңіске ең алдымен мінездің арқасында жеттік. Есеп 0:2 болғанда, әлі кем дегенде 45 минут бар екенін түсіндік. Үзілісте бапкер бізге берілмей, соңына дейін ойнауды айтты. Осындай мықты команда — «Қайратты» қонақта жеңгенімізге қатты қуаныштымыз. Сонымен бірге оларды Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтаймын. Келесі қарсыласын да жеңеді деп сенемін, бұл бүкіл Қазақстан мен Алматы үшін тарихи жетістік болар еді. Біз оларды қолдаймыз!» — деді қақпашы.

21-турдан кейін «Қайрат» 43 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.

«Елімай» 35 ұпай жинап, төртінші орында келе жатыр. Семейлік команда алматылықтардан бір ойын артық өткізген. Бірінші айналымда да «Елімай» өз алаңында «Қайратты» 1:0 есебімен ұтқан болатын.


Конференция лигасы: «Астана» – «Лозанна» кездесуіне төрешілер тағайындалды

Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады

«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или