«Баварияның» форварды Гарри Кейн алдағы маусымдағы Чемпиондар лигасының басты фавориттерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Меніңше, бұл маусым да әдеттегідей өтеді. «Бавария» әрқашан үміткерлердің қатарында. Сонымен бірге «ПСЖ», «Реал», «Барселона», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» секілді клубтар да кубок үшін таласады. Әлі финалға жол алыс», — деді Кейн.
Оның айтуынша, мюнхендік клуб қазір Бундеслигаға көбірек көңіл бөліп отыр. «Айдың соңындағы жеребені асыға күтеміз. Ал жұма күні «Альянц Аренада» маусымның ашылу ойыны өтеді. Бізге «Штутгартқа» қарсы кездесудегідей ойын көрсетіп, алаңға деген аштық пен жеңіске деген құштарлықты тағы дәлелдеу керек», — деп түйіндеді ағылшын шабуылшысы.