Саудиялық промоутер Усик пен Итаума жекпе-жегін өткізуді көздеп отыр

Сауд Арабиясының спорт шенеунігі әрі бокс кештерін ұйымдастырушы Турки Аль аш-Шейх абсолютті әлем чемпионы Александр Усиктің қатысуымен үлкен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол The Ring журналына берген сұхбатында украиналық боксшыға кеше түнде Диллиан Уайтты бірінші раундта нокаутқа жіберген Моузес Итаумамен кездесуді ұсынды.
Өз кезегінде 20 жастағы Итаума жекпе-жектен кейін Джозеф Паркермен немесе Агит Кабайелмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда жас британдықтың кәсіби көрсеткіші – 13 жеңіс, жеңіліссіз. Ал Усиктің рекорды – 24 жекпе-жек, барлығы жеңіс.
Азия чемпионаты: Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды
Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды