Бахтиёр Зайнутдинов: «Карпин – менің мансабымдағы ең маңызды тұлғалардың бірі»

Бахтиёр Зайнутдинов: «Карпин – менің мансабымдағы ең маңызды тұлғалардың бірі»

Мәскеудің «Динамо» клубында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов командаға ауысуына бас бапкер Валерий Карпиннің ықпалы зор болғанын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы футболшы 28 шілде күні «Динамомен» келісімшартқа қол қойды. Қазіргі келісімі 2029 жылға дейін есептелген. Бахтиёр Ресей Премьер-лигасында екі матчқа қатысып үлгерді, бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

«Валерий Георгиевич – мені Қазақстаннан Ресейге шақырып, Премьер-лигаға жол ашқан адам. Сондықтан бұл шешімімде оның рөлі ерекше болды. Әрине, «Динамоға» ауысуыма негізгі себептердің бірі – сол кісі. Ал талаптарына келсек, көп өзгерген жоқ, бірақ тәртіп пен қатаңдық артқанын бірден байқадым», – деді Зайнутдинов клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қорғаушы бұған дейін Карпиннің қол астында «Ростов» сапында 2019–2020 жылдары ойнаған еді.

АПЛ: Федерико Кьеза мен Мохамед Салах «Ливерпульге» жеңіс сыйлады

«Ренн» «Марсельді» соңғы минутта жеңіп, 1 Лига маусымын бастады

Испания чемпионаты: «Райо Вальекано» алғашқы турда жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или