Кирилл Сидельников: «Чимаевтың жеңісі көрікті болмаса да, мықты болды»

Кирилл Сидельников: «Чимаевтың жеңісі көрікті болмаса да, мықты болды»


Ural FC ұйымының бас директоры, ресейлік файтер Кирилл Сидельников Хамзат Чимаевтың Дрикус Дю Плессиға қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымда бұл айқас басқаша өрбігендей еді. Айтарлықтай қызық немесе әсерлі болған жоқ. Дегенмен, Чимаев өзінің күресте мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның бақылауы шынымен таңғалдырады. Ол 22 минут бойы үстемдік орнатып жатты – бұл, расында, керемет көрсеткіш.

Хабиб Нурмагомедов Яквинтаны жеңгенде ешкім әдісіне назар аудармаған, бәрі тек нәтижеге қуанды. Сол сияқты, Хамзаттың кім екенін – ресейлік пе, швед пе, әлде эмираттық па – талқылаудың қажеті жоқ. Оның бойында кавказдық мінез бар, сондықтан чемпион атанғаны қуантады.

Маған бұл жекпе-жек ұнады. Себебі ақыры бәрібір нәтиже қалады. Қалай жеткені уақыт өте ұмытылады, ал чемпиондық атақ тарихта қалады», – деді Сидельников.

Айта кетейік, 17 тамыз күні Чикагода өткен UFC 319 турнирінде Хамзат Чимаев Дрикус Дю Плессиені төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді. Қазір оның рекорды – 15-0, ал Дю Плесси енді 23-3 көрсеткішіне ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или