Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 102-орын) Самтердегі (АҚШ) «челенджердің» финалисті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Шевченко жапондық Шинтаро Мочизукимен (120-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте – 4:6, 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 57 минутқа созылды. Александрдың финалдағы қарсыласы итальяндық теннисші Маттиа Беллуччи (74-орын) болмақ.
Самтердегі турнирдің жүлде қоры 200 000 долларды құрайды. Жеңімпаз 30 700 доллар ұтып, 125 рейтингтік ұпайға ие болады. Біз Александр Шевченконың ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы.
Тимофей Скатов Италиядағы турнирде топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или