Рафаэль Уразбахтин: «Чемпиондыққа таласатын команда ондай қателерге жол бермеуі керек»

Рафаэль Уразбахтин: «Чемпиондыққа таласатын команда ондай қателерге жол бермеуі керек»

«Қайрат» бас бапкері «Елімайдан» (2:3) жеңілгені туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Біз үшін өкінішті жеңіліс болды. Қорғаныста ең жақсы ойынымызды көрсете алмадық. Өз ойымша, жеңіл голдарды жіберіп алдық. Чемпиондыққа таласатын команда ондай қателерге жол бермеуі керек деп санаймын. Негізінен ойын біздің сценарий бойынша өрбіді. Жігіттер біз айтқанның бәрін орындап отырды. Қарсыластың қалың қорғанысын бұзу қиын болатынын жақсы түсіндік. Стандартты жағдайлар өз рөлін атқарды. Біз қалағанымызға жеттік. Бірақ содан кейін киім бөлмесіне кетер алдында қарапайым гол өткізіп алдық.

Екінші таймда бізге аса қажет голды соғуға тырыстық. Өкінішке қарай, керісінше балалық қателерге жол бердік. Ондай қате жасай берсең, оң нәтиже күту қиын. Футболшылар жақсы ойнаса, мен «жақсы» деймін, бірақ біз осындай қате жіберсек, әрдайым соны айтамын. «Елімайды» жеңісіне байланысты құттықтаймын.

Бізге мұңая беруге уақыт жоқ. Жексенбіде қалпымызға келеміз, ал келесі күні Шотландияға ұшамыз. Келесі матчқа дайындаламыз.



Түркістандықтар маңызды жеңіске қол жеткізді

«Елімай» Алматыда сенсациялық жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или