Самородов «Ахматтың» сапында пенальти еншіледі

«Ахмат»Ресей премьер-лигасының бесінші турында өз алаңында «Крылья Советовты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Грозныйда өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен ұтты.. 5-минутта Эгас Касинтура Ахматты есепте алға шығарса, 51-ші минутта қазақстандық шабуылшы Максим Самородов пенальти еншіледі - Мохамед Конате оны голға айналдырды, ал 79-шы минутта Касинтура дубль авторы атанды. Айта кетейік, 88-минутта Максим Самородов алаңнан кетті.
Осы жеңісінің арқасында «Ахмат» алты ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді; Крылья Советов бесінші орында қалды – командада әлі сегіз ұпай бар.
Келесі турда «Ахмат» сырт алаңда «Орынбормен» ойнаса, «Крылья Советов» өз алаңында «Краснодарды» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или