Қонаев қаласында ASP Club аренасында ашық аспан астында өткен OCTAGON 77 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) октагонға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы ирандық спортшы Фарзад Гадери (18-14) болды.
Алғашқы раундта Гадери партерде басымдық танытқанымен, Тоқтар шынтақпен соққы жасап, қарсыласының маңдайын жарып жіберді.
Екінші раундтың басында Еркебұлан ауыр соққымен ирандықты теңселтіп, бірақ Гадери шыдап, айқасты жерге ауыстырды. Раундтың соңғы секундтарында Тоқтар жойқын шабуыл ұйымдастырып, қарсыласын нокаутқа түсіріп, көрермендерді дүр сілкіндірді.