«Елімай» Алматыда сенсациялық жеңіске жетті

«Елімай» Алматыда сенсациялық жеңіске жетті


Алматылық «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының 21-турында өз алаңында семейлік «Елімайға» жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойын тартысты өтіп, қонақтар 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Голдар тізімі мынадай: Эдмилсон 15-минутта есеп ашты (1:0), ол 37-минутта дубль авторы атанды (2:0). Бірақ үзіліске дейін «Елімай» таразы басын теңестіріп үлгерді: 42-минутта Плакка (2:1), 45-минутта Свиридов (2:2). Ал шешуші голды Плакка 83-минутта соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады (2:3).

Бұл нәтижеден кейін «Қайрат» 43 ұпайымен турнир кестесінің көшін сақтап қалды. Ал «Елімай» қоржынындағы ұпай санын 35-ке жеткізіп, төртінші орынға көтерілді.

Конференция лигасы: «Астана» – «Лозанна» кездесуіне төрешілер тағайындалды

Владимир Вайсс «Қайрат» ойыншыларын жеңістерімен құттықтады

«Қайрат» «Слованды» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или