Боксшы Ангелина Лукасқа спорт министрі атақ берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукасқа атақ берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыны қабылдап, «Құрметті спорт қайраткері» марапатын табыстады.
«Құрметті достар, Астанада менің туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесуім өтті. Мен үшін оның қолынан мемлекеттік «Құрметті спорт қайраткері» марапатын алу – үлкен мәртебе.Біз болашақ жоспарларды, алдағы жекпе-жектерімді, сондай-ақ жастар арасында патриоттық рухты одан әрі арттыру, спортқа деген сүйіспеншілікті және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ біз бірлік пен ауызбіршіліктің маңыздылығы, бір жұдырықтай болып бірігу қажеттігі туралы да айттық. Министр ашық әрі түсіністік танытатын адам екен, бұл бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Маған қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын! Сіздер – менің күшім мен тірегім», - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, бұрымды боксшы соңғы жекпе-жегін осы жылдың тамыз айында чилилік Даниэль Асенхоға қарсы өткізді. Қарсыласы алтыншы раундтан кейін жекпе-жектен бас тартқан болатын.
Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі
Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды
Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды