Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ұлттық құрамаға оралуы мүмкін

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ұлттық құрамаға оралуы мүмкін

Белгілі қазақстандық боксшы,Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев құрамаға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтқан.

«Қызылорда қаласынан Қамшыбек Қоңқабаевты кездестірдім. Жергілікті боксшы бір айдан аса уақыт жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Алайда, кәсіпқой мансабын қалай жалғастыратынын кесіп айтпады. Кәсіпқой бокстан ұсыныстар бар екен. Қарастырып жатыр. Ал егер ұлттық құрамаға керек болып жатсам, оған да оралуға дайынмын дейді. «Керек болып жатсам» дегенге ерекше акцент жасады. Өйткені қазір жастар келіп, буын алмасып жатқан уақыт. Солардың жолын жауып, жек көрінішті болғысы келмейді. Тағы бір түсінгенім, Қамшыбек 90 келіде де, 90 келіден жоғары салмақта да өнер көрсете алады. Ешқандай проблема жоқ екенін айтты», - дейді Аслан Қаженов.

Жыл басында Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттағы мансабы аяқталғанын айтқан еді. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансап жолында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін ӘЧ күміс жүлдегері (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс (2017, 2019, 2021) жүлдегері атанды.

Азия чемпионаты: Қазақстан U22 құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды

Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері 3 алтын, 2 күміс еншіледі

Қазақстан U-19 құрамасы Бангкоктан алтын, күміс және қола медальдармен оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или