«Барыс» қазақстандық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

«Барыс» қазақстандық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

«Барыс» хоккей клубы Нижний Новгородтың «Торпедо» командасынан қазақстандық қорғаушы Дмитрий Бреусті жалға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшісі Иэн Маккош, Джейк Масси, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко келісімшартқа қол қойды.

Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

Жаңа маусымға оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтіп жатыр. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті.

«Алматы» үш ойыншымен келісімшартты ұзартты

«Барыс» Канада қорғаушысын қатарға қоспақ

Роман Старченконың жалақысы жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или