Арина Соболенко қазақстандық теннисшіден жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Арина Соболенко қазақстандық теннисшіден жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко WTA-1000 санатындағы Цинциннати турниріндегі жолын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға (WTA рейтингінде 10-орын) қарсы өткен кездесу екі сетте тәмамдалды — 1:6, 4:6.

Матчтан кейін Соболенко әлеуметтік желіде әсерімен бөлісті:

«Бұл мен күткен нәтиже емес, бірақ енді Нью-Йоркке дайындалатын уақыт келді. Рақмет, Цинциннати, мұнда әрдайым ойнаған ерекше».

Айта кетейік, белорусь спортшысы турнирге өткен жылғы чемпион атағымен келген еді. Өткен маусымда ол финалда америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, трофейді иеленген болатын.

Рыбакина Соболенконы сенімді жеңді

Арина Соболенко Рыбакинамен матчы жайлы ойын айтты

Елена Рыбакина ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или